Алматыда күзгі дератизация басталады: 47 мың гектардан астам аумақ қамтылады

Ақтоты Жапатова 12 қыр. 2025 16:28

2025 жылы 15 қыркүйектен 31 қазанға дейін Алматыда «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық бағдарламасы аясында дератизацияның екінші кезеңі өткізіледі. Барлық сегіз ауданды қамтыған шара кеміргіштерді жоюға және олардың пайда болуының алдын алуға бағытталған,- деп хабарлайды Dalanews.kz 

Дәрілеу жұмыстары 47 мың гектардан астам аумақта жүргізіледі. Оның ішінде өзен жағалаулары, су айдындары, жеке тұрғын үйлердің жер телімдері бар. Жеке сектор тұрғындарына қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге улағыш жем тегін беріледі.

Алматыда дератизация жылына екі рет – көктемде және күзде жүргізіледі. Мұндай кешенді шаралар кеміргіштер санын тиімді бақылауға және олардың таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Шараларды өткізу кестесі ауа райына байланысты өзгеруі мүмкін.

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы өз кезегінде заңды тұлғаларға, ПИК, МИБ және ҚС-ке қарасты аумақтарда және қоқыс контейнер алаңдарында дератизация жұмыстарын жалпықалалық дератизациямен бірге ұйымдастыруды сұрайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар