Ақтауда кафеде ер адамның бетіне оқ атылды

Ақтауда кафеде ер адамның бетіне оқ атылды
Ашық дереккөз.

Ақтаудағы дәмханалардың бірінде болған жанжал кезінде ер адамның бетіне оқ атылып, күдікті ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 8 шілдеге қараған түні қаладағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі келуші арасында жанжал шығып, оның барысында күдікті «Аңшы сигналы» атты іске қосылатын сигналдық құрылғыны қолданып, қарсыласының бетіне жарақат салған.

Оқиғадан кейін зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілген. Дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқ екенін хабарлады.

Полиция аталған дерек бойынша бұзақылық бабы негізінде қылмыстық іс қозғады.

Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.