Қарағанды–Астана автожолында астық тиелген КамАЗ жүк көлігі жол апатына ұшырап, тіркемесіндегі астық жолға төгілді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала дерек бойынша, 39 жастағы жүргізуші Қарағанды бағытына қарай келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмаған.
Соның салдарынан жүк көлігі жолдың қоршауына соғылып, кейін тіркемесі аударылған. Апат кезінде тіркемеде болған бірнеше тонна астық жолға шашылған.
Полиция оқиғаны тіркеп, қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр.
Жол апаты 9 шілде күні таңертең болған. Зардап шеккендер жоқ.