Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Шымкентте ер адам кафеде отырған әйелге стақан лақтырған

Шымкентте ер адам кафеде отырған әйелге стақан лақтырған
видео кадры

Шымкентте ер адам кафеде отырған әйелге стақан лақтырған, деп хабарлайды dalanews.kz.

25 қарашада Шымкенттегі дәмханалардың бірінде қонақтар арасында жанжал шықты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Кадрларда бір үстелде алты ер адам, ал көрші үстелде үш әйел отырғаны көрінеді. Жанжал кезінде ер адамның бірі әйелге шыны стақан лақтырған. Салдарынан әйелдің беті мен қолы жарақаттанған.

Жәбірленушінің құрбысының айтуынша, көрші үстелге жайғасқан ер адамдар олармен танысуға бірнеше рет ұсыныс жасаған. Қыздар бас тартқан соң ер адамдар оларды балағаттай бастаған. Осыдан кейін олардың бірі әйелге шыны стақан лақтырған.

Полиция бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті анықталды. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.