Алматы облыcында заңсыз берілген 100 гектар жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Іле ауданының прокуратурасы жер учаскелерін жеке меншікке беру кезінде жер заңнамасы талаптары бұзылғанын анықтады.
2009-2011 жылдары жеке тұлғаға жеке орман өсіру мақсатында жалпы көлемі 100 гектар болатын екі жер учаскесі (12 және 88 га) берілген.
Алайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы бұл жер учаскелері заңнамада белгіленген тәртіп бұзылып, міндетті сауда-саттық (аукциондар) өткізілмей, жеке меншікке берілген.
Сонымен қатар, жер учаскелері нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған, олардың аумағында орман болмаған.