Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Құпиясөздерді сақтауға арналған сервиске хакерлік шабуыл жасалды

Құпиясөздерді сақтауға арналған сервиске хакерлік шабуыл жасалды
ашық дереккөз

Құпиясөздерді сақтауға арналған сервис 1Password-ке хакерлік шабуыл жасалды. Қаскүнем компания қызметкерлерінің бірінің корпоративтік аккаунтына кіріп, кейбір қолданушылардың аты-жөні, электрон пошта мекенжайы, аккаунт идентификаторлары, тіркелген күні және жүйеге соңғы рет кірген уақыты туралы мәліметті ұрлаған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сондай-ақ, аккаунтқа кіруді қалпына келтіруге арналған кейбір токендерге қол жеткізген.

Алайда хакерлер қолданушылардың құпиясөздерін, құпия деректер сақталған қоймалардағы ақпаратты және шифрлау кілттерін ұрлай алмаған. Сондықтан компания құпиясөздерді ауыстырудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, әзірлеушілер алаяқтар ұрланған ақпаратты фишинг шабуылдар үшін пайдалануы мүмкін екенін ескертті. Қолданушыларға күмәнді сілтемелерге өтпеу, аккаунтқа кіруді қалпына келтіру туралы күтпеген сұрауларды елемеу және құпия кілттерді ешкімге бермеу ұсынылды.

Компания қорғанысты күшейткен. Тергеуге тәуелсіз киберқауіпсіздік сарапшыларын да тартқан. Қазір сервис қалыпты жұмыс істеп тұр.