Жоғалған екі қыздың денесі табылды: Ата-аналары балаларын таныды

Жоғалған екі қыздың денесі табылды: Ата-аналары балаларын таныды
ашық дереккөзден

Тывада бірнеше күн бойы іздестірілген екі оқушы қыздың денесі табылды. Енисей өзенінен шығарылған балалардың мәйітін ата-аналары таныды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің Тыва Республикасы бойынша тергеу басқармасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, қазір тергеушілер қыздардың жеке басын анықтау рәсімін жүргізген. Соның нәтижесінде өзеннен табылған екі баланың да 1 шілдеде жоғалып кеткен 12 жастағы қыздар екені расталды. Олардың өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Тыва басшысы Владислав Ховалыг қаза тапқан балалардың отбасыларына көңіл айтып, оларға қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

"Бұл қайғыны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бүгін бүкіл Тыва сіздермен бірге қайғырып отыр. Отбасыларға материалдық көмек те, психологиялық қолдау да көрсетіледі", – деді ол.

Сонымен қатар өңір басшысы тұрғындарды әлеуметтік желіде түрлі болжам таратып, қайғылы оқиғаны талқылай бермеуге шақырды.

Еске салайық, екі қыз 1 шілде күні кешке үйден шығып кеткеннен кейін хабарсыз қалған. Кейін олардың Енисей өзені жағалауында болуы мүмкін екені айтылды. Дамба маңынан қыздардың ұялы телефондары мен аяқ киімдері табылған еді.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, прокуратура тексеріс бастаған.