Елде халықтың ақшалай табысының өсу қарқыны сақталуда

Елде халықтың ақшалай табысының өсу қарқыны сақталуда
pixabay.com

2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы айына 252 619 теңгені құрады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметінше, бұл көрсеткіш 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ға өскен.

Алайда осы кезеңдегі тұтыну бағалары индексі 11,7%-ды құрағандықтан, халықтың нақты ақшалай табысы небәрі 0,1%-ға ғана артқан.

Өңірлер арасында жан басына шаққандағы ең жоғары орташа айлық табыс Алматы қаласында тіркелді – 408 182 теңге. Екінші орында Ұлытау облысы тұр, онда бұл көрсеткіш 353 036 теңгені құрады.

Ал атаулы ақшалай табыстың ең жоғары өсімі Алматы облысында байқалды – 19,1%. Одан кейін Қарағанды облысы келеді, мұнда халық табысы бір жылда 16,4%-ға өскен.

Ұлттық статистика бюросы бұл мәліметтердің алдын ала екенін және бастапқы ақпарат нақтылануына байланысты қайта есептелуі мүмкін екенін атап өтті.