Бұрынғы вице-министр Қожағапановтың ісі: апелляция шешімін жариялады

Көркем Алдабергенова 03 қыр. 2025 10:35

Бүгін Астана қалалық сотында апелляциялық алқа бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты істің шешімін жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Үкім өзгеріссіз қалды

2018 жылы Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыру кезінде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген айыппен Қожағапановқа берілген үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы апелляцияда күшінде қалдырылды.

Тергеу мәліметінше, форумды өткізу барысында бюджеттен 1 миллиард теңге жымқырылған.

Ляззат Көккөзоваға да жаза өзгеріссіз қалды

Ерлан Қожағапановпен бірге бұл іс бойынша бизнесвумен, SUCCESS K агенттігінің директоры Ляззат Көккөзова да сотталған. Ол аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Апелляциялық сот Көккөзоваға қатысты осы үкімді де өзгеріссіз қалдырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар