Әшімбаев бірпалаталы Парламент қандай болатыны жайлы пікір білдірді

Көркем Алдабергенова 11 қыр. 2025 12:15

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бірпалаталы парламент қандай болатыны жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Сенаттың жұмысына жоғары баға берген.

«Сенаторлардың қатысуымен өте маңызды заңдар қабылданып, түзетулер енгізілді. Осы тұрғыда Сенат тәуелсіз мемлекетіміздің құқықтық негізін қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Дегенмен, өмір тоқтамайды, саяси процесс жалғасуда, ал Парламенттің дамуы елдің даму үрдістеріне сай болуы тиіс», – деді Әшімбаев.

Сенаттың негізгі функциялары

Әшімбаев Сенаттың ең маңызды қызметтерін атап өтті. Оның айтуынша, алдағы уақытта қос палатаның өкілеттіктері біріктіріледі. Сонымен бірге депутаттар саны да өзгереді.

«Бұл – жаңа Парламент, жаңа сапа болмақ. Бүгінде Сенат маңызды функцияларды атқарады – Президенттің Ұлттық банк төрағасын, Бас прокурорды, ҰҚК төрағасын тағайындауына келісім береді, сондай-ақ Президенттің ұсынуымен Жоғарғы сот төрағасы мен судьяларын сайлайды. Жаңа Парламентте қос палатаның өкілеттіктері біріктіріледі. Бұдан бөлек, жаңа Парламенттегі депутаттар саны да талқыланатын сияқты», – деп қорытындылады Мәулен Әшімбаев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар