Арабтар Қазақстанда ет өңдеу зауытын салмақ

Көркем Алдабергенова 12 қыр. 2025 13:25

БАӘ Қазақстанда ет өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов LuLu Group International компаниясының негізін қалаушы Юсуф Әли Мусалям Виттиль Абдул Кадермен кездесті.

Инвестициялық жобалар талқыланды

Кездесу барысында Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені мен сауда саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қаралды.

Әсіресе компанияның Қазақстанда ет өңдеу зауытын және ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бойынша тарату орталығын салу жоспарына назар аударылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар