Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 4,5% болды

Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 4,5% болды
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 4,5% болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

2026 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстанның ЖІӨ-нің нақты өсімі - 4,5%. Бұл 9 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,3 пайыз тармаққа жоғары.

Экономикалық өсімге негізінен шикізаттық емес сектор үлес қосты. Алдын ала бағалау бойынша бұл сектор 5,6%-ға өскен. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,5%-ға өсті. Бұл ретте өңдеуші сектордың өсу қарқыны он айда 9,3%-ға дейін артты.

Өңдеу секторындағы ең жоғары өсу қарқыны машина жасауда (22,2%), фармацевтикада (50,9%), дайын металл бұйымдарын өндіруде (30,4%), химия өнеркәсібінде (21,9%), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде (18,1%), тамақ өнімдерінде (13%), құрылыс материалдарында (5,4%) байқалады.

Құрылыс саласында өсім 13,1%, көлік және қоймада 7,5%, саудада 6,2%, ауыл шаруашылығында 5,2%, байланыс саласында 4,9% болды.