АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасындағы Республикалық партия өкілі Томас Масси дүйсенбі күні қорғаныс министрі Пит Хегсетке импичмент жариялау туралы қарар енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Конгрессмен министрге бірнеше айып тағып отыр. Олардың қатарында:
Конгрестің мақұлдауынсыз Иранға қарсы соғыс жүргізу;
есірткі саудасымен айналысады деген күдікке ілінген адамдарды сотсыз өлтіру;
бейбіт тұрғындарды қорғау туралы заң талаптарын елемеу. Оның ішінде Ирандағы мектепке жасалған соққы да бар;
Венесуэла президенті Николас Мадуроны заңсыз ұрлау.
Импичмент туралы қарар Өкілдер палатасында қолдау табуы мүмкін. Алайда құжаттың Сенатта мақұлдану мүмкіндігі төмен. Себебі қаңтарға дейін Сенаттағы басымдық республикашылдардың қолында болады.