Ердоған Әзербайжанға ресми сапармен барды

Ердоған Әзербайжанға ресми сапармен барды

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған жексенбі күні Әзербайжанға ресми сапармен барды. Бұл туралы Әзербайжанның ресми ақпарат құралдары хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Түркия басшысының ұшағы Әзербайжанның Қарабақ өңіріндегі Физули қаласының әуежайына қонған.

Әуежайда Ердоған мен жұбайы Әмина Ердоғанды Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен бірінші ханым Мехрибан Әлиева қарсы алды.

БАҚ мәліметінше, бүгін Әзербайжан мен Түркия президенттері екіжақты келіссөздер жүргізеді. Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқылануы мүмкін.