Германия бастаған НАТО-ның әскери жаттығулары Литвада өтіп жатыр

Германия бастаған НАТО-ның әскери жаттығулары Литвада өтіп жатыр
Фото: Paulius Peleckis / Getty Images

Беларусь шекарасына жақын жерде 6 қарашадан 3 желтоқсанға дейін екі әскери жаттығу өтеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Олар – Freedom Shield 26-II («Бостандық қалқаны 26-II») және Grand Eagle 26 («Үлкен бүркіт 26»). Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаттығуларға 6 мыңнан астам әскери қызметші қатысады.

Олардың қатарында Германияның 10-танк дивизиясына қарасты Lietuva 45-бронетанк бригадасы мен Saksonija 37-механикаландырылған жаяу әскер бригадасының сарбаздары бар.