Қызылорда қаласында із-түзсіз жоғалып, бірнеше күн бойы іздеуде болған 65 жастағы Ғани Көшербаевтың мәйіті табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ер адам 29 қазан күні үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған. Содан бері оның қайда жүргені белгісіз болып, жақындары мен құқық қорғау органдары іздеу жұмыстарын жүргізген. Қарияны табу үшін полиция қызметкерлері мен іздестіру жұмыстарына қатысқан мамандар жұмылдырылған. Ауқымды іздеу шараларына қарамастан, ер адамды тірідей табу мүмкін болмады.
Кейін жоғалған тұрғынның мәйіті Қызылорда қаласының аумағынан анықталған.
Бұған дейін құқық қорғау органдары таратқан ақпаратта Ғани Көшербаевтың деменция диагнозымен медициналық есепте тұрғаны айтылған болатын.
Марқұмның өлімінің мән-жайын анықтау мақсатында тиісті сот-медициналық сараптама жүргізілген. Сараптама қорытындысына сәйкес, ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.