Ташкентте ауруханаға түскен қазақстандық жас спортшылардың барлығы елге оралды. Бұл туралы Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Балалардың ата-аналары көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін елшілік қызметкерлері мен дәрігерлерге алғыс білдірді.
Еске салайық, бұған дейін Ташкентте Қазақстаннан барған жас футболшылар уланғаны хабарланған еді. Бұл дерек бойынша Өзбекстанның Бас прокуратурасы қылмыстық іс қозғады.