АҚШ-тың Үндістандағы елшісі Серджио Гор мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы The Washington Sun басылымы ішкі талқылаулардан хабардар дереккөздерге сүйеніп жазды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Басылым мәліметінше, Дональд Трамптың айналасындағы адамдар Горды АҚШ әкімшілігіндегі бірнеше жоғары лауазымға лайық үміткер ретінде қарастырып жатыр. Соның бірі – қазір Марко Рубио атқарып отырған мемлекеттік хатшы қызметі.
Серджио Гор – Трамптың жақын серіктерінің бірі. Ол АҚШ-тың Азия елдерімен байланысында маңызды рөл атқарады және Марко Рубионың сенімді адамы саналады.
Алайда Марко Рубио қызметінен кететінін жариялаған жоқ. Ақ үй аппаратының басшысы Сьюзи Уайлс та әкімшіліктегі жұмысын тоқтатуға ниетті екенін айтпаған.
Гордың өзі басқа қызметке ауысқысы келетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ол мемлекеттік хатшы қызметіне қызығушылық танытпағанын айтып, Марко Рубионы алмастыру мүмкіндігі туралы мәліметті шындыққа жанаспайтынын жеткізді.