АҚШ әскері Иранның оңтүстігіндегі Кешм аралына соққы жасады. Иранның мемлекеттік телеарнасы арал аумағында бірнеше жарылыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Америкалық басылымдардың мәліметінше, әскери операция қорғаныс мақсатында жүргізілген. АҚШ тарапы бұл әрекетті Иран күштерінің америкалық нысандарға қарсы әуе қорғанысы зымырандарын қолдануына жауап деп түсіндірген.
The Wall Street Journal кейінгі бірнеше аптада АҚШ-тың Иран аумағындағы нысандарға шағын көлемде бірнеше рет соққы жасағанын жазды. Алайда Вашингтон бұл операцияларды жаңа әрі ауқымды соғыстың басталуы ретінде қабылданбауы үшін жарияламаған.
Fox News мәліметінше, соңғы соққы Иранның америкалық әскери ұшаққа оқ атуынан кейін жасалған. АҚШ шенеуніктері бұл жағдайдың екі ел арасындағы ірі әскери қақтығыстың қайта басталғанын білдірмейтінін мәлімдеді.
Әзірге қаза тапқандар, зардап шеккендер мен келтірілген залал туралы ақпарат жоқ.