Маңғыстауда жүк көлігі тепловозбен соқтығысты

Маңғыстауда жүк көлігі тепловозбен соқтығысты
Фото: ҚТЖ

2 қарашада Ақтау теңіз портына кіреберістегі теміржол өткелінде жол апаты болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

ҚТЖ мәліметінше, МАЗ жүк көлігінің жүргізушісі бағдаршамы жоқ өткелден өтіп кетпек болған. Алайда ол жақындап қалған тепловозға жол бермей, соқтығысқан.

Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Дегенмен тепловоз қатты зақымданды.

Қазір апаттың мән-жайын көлік полициясы анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға жүк көлігі жүргізушісінің жол ережесін бұзуы себеп болған.