Қазақстанда алимент төлейтіндерге нақты табысын жасыру қиындайды

Қазақстанда алимент төлейтіндерге нақты табысын жасыру қиындайды
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстанда алимент төлемей жүрген ата-анаға қарсы күрес күшейді. Енді олардың такси, курьерлік және казино мен букмекерлік кеңселердегі табысы тексеріледі, деп хабарлайды dalanews.kz 24KZ-ке сілтеп.

Биыл елде алимент төлеуден жалтарғандарға қатысты 991 қылмыстық іс тіркелді. Мемлекет күрес шараларын жылдан жылға күшейтіп келеді.

Жуырда оларды тезге салудың тағы бір тетігі іске қосылған. Бұдан былай ұл-қызының алдында қарызы бар азаматтардың такси және курьерлік қызметтерден түскен табысы да тексеріледі. 

"Яндекс, онлайн казино бар, соларға қағаз жүзінде жіберіліп отыратын. Қазір республикалық палата мен Әділет министрлігі осы жұмысты автоматтандырып жатыр. Бұл іске асатын болса, жеке сот орындаушыларының жұмысын әлдеқайда оңайлатып, алимент бойынша өзге де табыс көздерін анықтауға, алимент төлемей жалтарып жүрген борышкерлерден ақша өндіруге жақсы бастама.  Қазір алимент өндіру бойынша сот орындаушылары мемлекеттік орган, банк және еңбек шарттарын есепке алу жүйесімен қоян-қолтық жұмыс істейді. Бұл қатарға енді өзін-өзі қамтыған азаматтар еңбек ететін жолаушы тасымалы, жеткізу қызметтерінің онлайн платформалары қосылды. Сондай-ақ, мұндай сауалдар букмекерлерік кеңселер мен казиноларға да жіберіледі", - деді жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары Дәурен Дидарбеков.