Қазақстанда 2027 жылға арналған дәрі-дәрмек қорының 84%-ы сатып алынды

Қазақстанда 2027 жылға арналған дәрі-дәрмек қорының 84%-ы сатып алынды
pixabay.com

Қазақстанда 2027 жылға арналған дәрі-дәрмектерді сатып алу науқаны өткен жылмен салыстырғанда үш ай бұрын басталды. Қыркүйек айына дейін қажетті препараттардың 84%-ы сатып алынған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Министрдің сөзінше, дәрі-дәрмектің азайтылмайтын қоры 35%-ға ұлғайтылған. Жыл соңына дейін Бірыңғай дистрибьютор қоймаларында келесі жылға қажетті препараттардың 95–100%-ын қалыптастыру жоспарланып отыр.

Дәрі-дәрмекке деген қажеттілікті жоспарлау кезінде 692 медициналық ұйымның деректері ескеріледі. Бұл тәсіл препараттардың тапшылығына жол бермеуге және артық сатып алуды болдырмауға бағытталған.

Қазіргі уақытта амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында 76 ауру бойынша 2,1 млн пациент қамтылған. Бұл мақсатқа шамамен 245 млрд теңге қарастырылған.