Қазақстанда дәрілік заттардың айналымына жүргізілген цифрлық мониторинг нәтижесінде 788 субъектіден заңбұзушылық анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Министрдің айтуынша, анықталған заңбұзушылықтардың қатарында тегін берілуі тиіс дәрілерді дәріханаларда сату, препараттарды қосарлап есептен шығару және дәрі-дәрмекті белгіленген шекті бағадан жоғары өткізу фактілері бар.
Биыл анықталған заңбұзушылықтар саны өткен жылмен салыстырғанда 10 есе өскен. Тексеру нәтижесінде әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салу шаралары қабылданған.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде дәріханаларда тегін дәрілерді бөлшек сауда арқылы сату жағдайлары 20 есе азайған.