Қазақстаннан Ресейге мұнай тасымалдайтын «Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбыры уақытша тоқтатылғаннан кейін қайта іске қосылды. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Министрліктің хабарлауынша, 2026 жылғы 3 қарашадағы жағдай бойынша мұнай құбыры штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Техникалық тексеру жүргізілгеннен кейін мұнай айдау қайта басталған.
Еске салайық, 2 қараша күні таңертең Ресейдегі Самара торабындағы нысандарға ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасағаннан кейін мұнай қабылдау уақытша тоқтатылған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.