Апиынды асқазанында тасымалдақ болған: Маңғыстауда кәмелетке толмаған Иран азаматы сотталды

Апиынды асқазанында тасымалдақ болған: Маңғыстауда кәмелетке толмаған Иран азаматы сотталды
ЖИ: Dalanews.kz

Маңғыстауда есірткі контрабандасы үшін шетел азаматы сотталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сот үкімі

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кәмелетке толмаған Иран азаматы есірткі контрабандасы, сондай-ақ, оларды өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау және тасымалдау бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотта не анықталды?

Сот мәліметінше, 2026 жылғы мамырда сотталған адам Горган - Ақтау бағыты бойынша әуе рейсімен ұшып келіп, жалпы салмағы 1 келіден асатын апиын салынған 113 капсуланы жұтып, асқазанында тасымалдаған. Оны Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері анықтаған.

Үкім заңды күшіне енді.