Украина мен Ресей өкілдері 10–11 қарашада Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде келіссөздер өткізеді. Кездесуге АҚШ араағайындық жасайды. Бұл туралы АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Уиткоффтың айтуынша, келіссөздер жұмыс деңгейінде өтеді. Тараптар соғыстан кейінгі қауіпсіздік кепілдіктерін, шиеленісті бәсеңдету жолдарын, гуманитарлық мәселелерді және бейбіт келісімге қол жеткізудің келесі қадамдарын талқылайды.
АҚШ Еуропа елдерімен де кездеседі
Абу-Дабидегі келіссөздерге дейін америкалық өкілдер Брюссельде Франция, Германия, Ұлыбритания, Еуропалық одақ және НАТО өкілдерімен кездеседі. Кездесуде Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдіктері, соғыстан кейінгі Еуропаның қауіпсіздік жүйесі және Украинаны қалпына келтіруге көрсетілетін экономикалық қолдау мәселелері қарастырылады.
АҚШ тарапының мәліметінше, бұл кездесулер Украина, Норвегия және Санкт-Петербургте өткен дипломатиялық байланыстардың жалғасы болмақ. Сонымен бірге Ресей мен Украина ықтимал бейбіт келісімнің шарттарына қатысты әзірге ортақ ұстанымға келген жоқ.