Қазақстанда шетелдіктерге Ұлттық банктің бағалы қағаздарын сатып алуға шектеу қойылуы мүмкін

Қазақстанда шетелдіктерге Ұлттық банктің бағалы қағаздарын сатып алуға шектеу қойылуы мүмкін
Фото: ЖИ

Қазақстанда шетелдік инвесторлардың Ұлттық банктің қаржы құралдарының бірін сатып алуына шектеу енгізілуі мүмкін. Ұлттық банк қысқа мерзімді ноталарға қатысты өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ұлттық банктің қысқамерзімді ноталары - экономикадағы ақша көлемін реттеуге арналған бағалы қағаздар. Оларды сатып алған нарық қатысушылары қаражатын белгілі бір мерзімге Ұлттық банкке орналастырып, одан табыс табады.

Енді Ұлттық банк Қазақстанның бейрезиденттері үшін осы қаржы құралына қолжетімділікті шектеуді ұсынып отыр. Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

"Жоба Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қысқа мерзімді ноталарымен операциялар жүргізу тәртібін жетілдіру, ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыру және ішкі ақша нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді", - деп жазылған хабарламада.

Қаулы жобасы 2026 жылғы 16 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.