Қазақстан кімдерге қарыз?

Қазақстан кімдерге қарыз?
gov.kz

Қазақстанның сыртқы мемлекеттік қарызы 1 қазандағы жағдай бойынша 18,4 миллиард долларға жетті. Елдің халықаралық қаржы ұйымдарына, шетелдік банктерге және бағалы қағаздар бойынша қанша берешегі бар екені белгілі болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мәліметке сәйкес сыртқы мемлекеттік қарыздың ең үлкен бөлігі еурооблигацияларға тиесілі. Бұл бағыттағы берешек 9,33 миллиард доллардан асады.

Қазақстанның сыртқы мемлекеттік қарызы мынадай:

  • Еурооблигациялар - 9,33 миллиард доллар;
  • Халықаралық қайта құру және даму банкі - 3,91 миллиард доллар;
  • Панда облигациялары - 1,49 миллиард доллар;
  • Азия даму банкі - 1,27 миллиард доллар;
  • Еуропалық қайта құру және даму банкі - 47,88 миллион доллар;
  • Ислам даму банкі - 38,12 миллион доллар;
  • Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі - 1,16 миллиард доллар;
  • Ресей нарығында орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздар - 594,1 миллион доллар;
  • Қытайдың экспорттық-импорттық банкі - 235,24 миллион доллар;
  • Шетелдік коммерциялық банктер - 200 миллион доллар;
  • Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі - 114,17 миллион доллар;
  • Германия үкіметінің кредиттік агенттігі - 4,49 миллион доллар.

Осылайша, Қазақстанның сыртқы мемлекеттік қарызының басым бөлігі халықаралық нарықта шығарылған облигациялар мен халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздарға тиесілі.