Қазақстандықтар 195 млрд теңгеге жуық айыппұл төледі: бұл ақша қайда жұмсалады?

Қазақстандықтар 195 млрд теңгеге жуық айыппұл төледі: бұл ақша қайда жұмсалады?
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстандықтар 195 млрд теңгеге жуық айыппұл төледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

Айыппұлдардың ең көп сомасы Алматыда тіркелсе, ең азы Ұлытау облысына тиесілі. Алайда жиналған қаражат міндетті түрде айыппұл салуға себеп болған заңбұзушылықтарды жоюға жұмсалмайды.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда жалпы сомасы 277,7 млрд теңге болатын әкімшілік айыппұл салынған. Оның 194,7 млрд теңгесі өндірілген. Бұл статистикаға жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған айыппұлдар ғана емес, азаматтар, кәсіпкерлер мен компанияларға қатысты өзге де әкімшілік жазалар кіреді.

Экономист Руслан Сұлтанов қай өңірлерде айыппұл сомасы көп екенін және мемлекет жиналған қаражатты қайда жұмсайтынын талдады. Оның пікірінше, айыппұлдан түскен қомақты қаржы азаматтардың тәртібі немесе бақылау жүйесінің тиімділігі туралы өздігінен ештеңе аңғартпайды.

Сарапшы мемлекеттің қаражатты нақты нәтижеге қол жеткізу үшін жұмсауы керектігін атап өтті.

«Мемлекет ақша таппайды. Ол сіздердің өздеріңіз тапқан қаражатты басқарады», – дейді экономист.