Қызыл баскиім мен қатаң ескерту: Трамп демократтарға не айтты?

Қызыл баскиім мен қатаң ескерту: Трамп демократтарға не айтты?
Фото: media BBC

АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде "ВЕТО" деген жазуы бар ашық қызыл түсті баскиімнің суретін жариялап, демократтар ұсынатын кейбір заң жобаларын қолдамайтынын ескертті, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Олар ақылға қонымсыз бастамаларды жібереді, ал мен оларға вето қоямын. Бірнеше айдан кейін өздері хабарласып: “Мұны қалай жүзеге асырамыз?” деп сұрайды. Сол кезде біз бірлесіп жұмыс істейміз", – деді Трамп.

Сонымен қатар ол сайлау нәтижесін мойындауға дайын екенін жеткізді.

"Мен бұл нәтижелерді толық мойындауға дайынмын", – деді ол.