Алматыда жаңа Kia Seltos моделі таныстырылды

Алматыда жаңа Kia Seltos моделі таныстырылды
Фото: Kia Seltos

Allur компаниялар тобының құрамына кіретін Kia бренді Алматыда жаңа Kia Seltos моделін таныстырды. Іс-шарада көліктің дизайны, заманауи технологиялары, жайлылығы мен жүргізу мүмкіндіктері көрсетілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

3 қарашада Алматыда жаңа Kia Seltos моделінің тұсаукесері өтті. Іс-шарада көліктің жаңа буыны бизнес өкілдеріне, БАҚ қызметкерлері мен қоғамдық пікір көшбасшыларына ресми түрде таныстырылды.

Іс-шара барысында жаңа Kia Seltos моделінің басты ерекшеліктері төрт бағыт бойынша таныстырылды. Арнайы безендірілген аймақтарда көліктің дизайны, технологиялық мүмкіндіктері, салонының жайлылығы және жүргізу кезіндегі әсері көрсетілді.

Тұсаукесердің негізгі идеясы осы қасиеттердің барлығын бір автокөлікте тоғыстыру болды. Жаңа Kia Seltos жүргізушіге тартымды дизайн, заманауи технология, жайлылық және көлік жүргізуден алатын әсердің бірін таңдаудың қажеті жоқ екенін көрсетеді. Өйткені аталған қасиеттердің барлығы бір модельде үйлесім тапқан.

Төрт әлем. Бір автокөлік

Стиль әлемі Kia Seltos моделінің дизайны мен даралығына арналды. Технологиялар кеңістігінде қонақтар автокөліктің заманауи цифрлық шешімдерімен танысты. Жайлылық әлемінде көлік салоны мен эрономикасының ерекшеліктері көрсетілсе, Ләззат әлемі көлік жүргізу кезіндегі әсер мен эмоцияға арналды.

Кештің шарықтау шегінде төрт тақырыптық әлем бір кеңістікке біріктірілді. Бұл тұсаукесердің басты идеясын айқындай түсті: стиль, технология, жайлылық және көлік жүргізуден алатын ләззат мүлде жаңа Kia Seltos моделінде біртұтас үйлесім тапқан.

Би қойылымынан кейін автокөліктің ресми таныстырылымы өтті.

Музыкалық бағдарлама да іс-шараның маңызды бөлігіне айналды. Қонақтар алдында Ния, Lili және Dilbara өнер көрсетті. Кеш бойы қонақтарға Евгений Чебатков дауысымен жолсерік болды.

Ресми бөлім аяқталғаннан кейін қонақтар автокөліктің дизайнымен, салонымен және технологиялық мүмкіндіктерімен жақынырақ танысты.

Жаңа Kia Seltos моделі

Kia Seltos моделінің жаңа буыны заманауи дизайнды, жаңартылған интерьерді және жүргізуші мен жолаушылардың жайлылығын арттыруға бағытталған кең ауқымды технологиялық шешімдерді үйлестіреді.

Интерьердің басты ерекшеліктерінің бірі — заманауи цифрлық шешімдерді біріктіретін әрі автокөліктің негізгі функцияларын ыңғайлы басқаруға мүмкіндік беретін 27 дюймдік панорамалық дисплей.

Көліктің технологиялық мүмкіндіктері арасында сымсыз Apple CarPlay жүйесін қолдау және Spotify, YouTube, TikTok секілді кіріктірілген қосымшалар бар. Автокөлік интерфейсі қазақ тілінде де қолжетімді.

Жүргізуші мен жолаушылардың жайлылығына ерекше назар аударылған. Жинақтамасы мен жабдықтар пакетіне қарай Kia Seltos панорамалық шатырмен және проекциялық дисплеймен жабдықталады.

Қазақстан нарығына арналған мүлде жаңа Kia Seltos қуаты 150 және 200 ат күшіне тең 1,5 T-GDI бензин қозғалтқыштарымен ұсынылады. Олар 8 сатылы автоматты беріліс қорабымен үйлеседі. Жинақтамасына қарай алдыңғы немесе толық жетек қолжетімді.

Автокөлік Қазақстанда шығарылады.

Бағасы мен қолжетімділігі

Мүлде жаңа Kia Seltos моделінің бағасы жинақтамасына қарай 10 990 000 теңгеден 15 490 000 теңгеге дейін болады.

Алматыда өткен тұсаукесер Kia Seltos моделінің жаңа буынымен және оның негізгі тұжырымдамасымен кеңінен танысуға мүмкіндік берді. Заманауи автокөліктің төрт маңызды қасиеті — стиль, технология, жайлылық және көлік жүргізуден алатын ләззат бір модельде үйлесім тапқан. Енді олардың бірін таңдаудың қажеті жоқ.