Жасанды интеллект пен цифрландыру халықтың табысын арттыруы тиіс – депутат

Жасанды интеллект пен цифрландыру халықтың табысын арттыруы тиіс – депутат
Ашық дереккөз

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген технологиялық жаңғыру міндеттері еңбек өнімділігін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың табысын өсіруге ықпал етуі тиіс. Бұл туралы Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Айдос Сарым мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Депутаттың айтуынша, Мемлекет басшысы энергетикалық дербестікті нығайту, транзиттік тасымалды арттыру, ауыл шаруашылығын дамыту және Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық орталығына айналдыру бағытында ауқымды міндеттер қойды.

Сондай-ақ Жолдауда цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға ерекше назар аударылған. Президент Үкіметке осы бағытта нақты іс-шаралар бағдарламасын әзірлеуді тапсырған.

Айдос Сарымның пікірінше, технологиялық жаңғыру экономиканың тиімділігін арттырып қана қоймай, азаматтардың әл-ауқатына да тікелей әсер етуі керек.

«Технологиялық жаңғыру еңбек өнімділігін арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықтың табысын өсіруге әсер етеді», – деді депутат.