8 қараша күні кешке Жамбыл облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы хабарлады.
Жерасты дүмпуі Астана уақытымен сағат 20:38-де тіркелген. Мамандардың дерегінше, жер сілкінісінің магнитудасы 3,73-ті, энергетикалық класы 8,55-ті құраған.
Жер сілкінісінің ошағы 11 шақырым тереңдікте орналасқан. Эпицентр координаттары солтүстік ендіктің 44,51 градусы және шығыс бойлықтың 74,44 градусы болған.