Алматыда жолаушыны балағаттаған такси жүргізушісі 7 тәулікке қамалды

Алматыда жолаушыны балағаттаған такси жүргізушісі 7 тәулікке қамалды
видео кадры

Алматыда такси салоны былғанғаны үшін жолаушыға балағат сөз айтқан жүргізуші жеті тәулікке қамалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жүргізуші мәселені сабырмен шешудің орнына жолаушыны балағаттап, дөрекілік танытқан.

Оқиға Алматы қаласында болған. Әйел адам көлікте баласымен бірге отырған. Сапар кезінде бүлдіршін абайсызда көлік салонын былғап алған. Бұған 53 жастағы жүргізуші ашуланып, жолаушыға тіл тигізе бастаған. Көлік тоқтағаннан кейін де ер адам сыртқа шығып, балағат сөздерін жалғастырған. Әйел болған жағдайды ұялы телефонына түсіріп, полицияға жүгінген.

Полиция қызметкерлері жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға берді. Жиналған материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен ер адам жеті тәулікке әкімшілік қамауға алынды.