Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді

Сағыныш Сардарова 12 қыр. 2025 14:36

Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

12 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 12:57-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 187 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

"Жер сілкінісі Жамбыл облысы Қордай ауылында 2 балл болып сезілді. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түскен жоқ", - деп жазылған хабарламада.

28 наурызда түнде де Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің жоғары қарқыны 5 балл болды. Бұл Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар