Қазақстан жаһандық инновациялар рейтингінде 73-орынға көтерілді

Қазақстан жаһандық инновациялар рейтингінде 73-орынға көтерілді
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы жариялаған Global Innovation Index 2026 рейтингінде өз позициясын жақсартып, әлемнің 139 экономикасы арасында 73-орынға көтерілді. Ел бір жыл ішінде сегіз сатыға жоғарылап, Орталық Азиядағы көшбасшы атанды., деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (WIPO) Global Innovation Index (GII) 2026 рейтингінде сегіз сатыға көтеріліп, 139 елдің ішінде 73-орынға жайғасты. Өткен жылы республика бұл тізімде 81-орында болған. Рейтингтің өңірлік көрсеткіштері бойынша Қазақстан Орталық Азия елдері арасында бірінші орынға шықты. Сонымен қатар ел Орталық және Оңтүстік Азия өңіріндегі 11 экономиканың арасында екінші орынға ие болды.

Табысы орташадан жоғары деңгейдегі 35 мемлекеттің ішінде Қазақстан 17-орыннан көрінді. Сарапшылардың мәліметінше, ел ең үлкен ілгерілеуді инновациялық нәтижелер бағыты бойынша көрсетті. Innovation Outputs субиндексінде Қазақстан бірден 11 сатыға көтеріліп, 84-орыннан 73-орынға шыққан.

Ал инновациялық ресурстарды бағалайтын Innovation Inputs субиндексінде республика 75-орыннан 73-орынға көтерілді.

Рейтинг көшбасшылары

Global Innovation Index 2026 рейтингінің алғашқы ондығына мына елдер енді:

  • Швейцария
  • Швеция
  • АҚШ
  • Оңтүстік Корея
  • Сингапур
  • Ұлыбритания
  • Нидерланд
  • Финляндия
  • Дания
  • Қытай

Global Innovation Index әлем елдерінің инновациялық әлеуеті мен технологиялық даму деңгейін бағалайтын негізгі халықаралық рейтингтердің бірі саналады. Онда ғылыми зерттеулер, білім беру, инфрақұрылым, технологиялық даму және инновациялық өнімдердің нәтижелері сияқты көрсеткіштер ескеріледі.