Алматының бұрынғы әкімі әрі «Нұр Отан» партиясы төрағасының экс-бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өз қызметін шетелде жалғастырып жүр, деп хабарлайды Dalanews.kz NegeAqsha-ға сілтеп.
Бұл туралы оның әпкесі Айгүл Байбек хабарлаған.
"Мемлекеттік және қоғамдық қызметтен босаған адам ретінде ол екі жылдан астам уақыт бойы Араб Әмірліктерінде білім алып, жұмыс істеді. Негізгі бағыты – Қазақстандағы жобаларға шетелдік инвестиция тарту болды", - дейді Айгүл Байбек.
Оның сөзінше, соңғы 1,5 жыл ішінде Бауыржан Байбек Жапонияда еңбек етіп, қазақстандық нарыққа енгізу үшін жапон капиталы мен ноу-хауды тарта отырып, инновациялық жобаларды дамытып жатыр.
"2022 жылдың наурызынан бері ол «онлайн» форматта Ақмола облысында ең озық неміс технологиясымен салалық өңдеу өндірісін құруға инвестиция салып жатқан «Qazaq Kaolin» компаниясының кеңесшісі болып қызмет атқарады», – дейді ол.
Ол Бауыржан Байбектің саясаттан толық кеткенін, сондықтан өзінің басқаратын «Aray Media Group» ЖШС-інің бухгалтерін қудалауды ұйымдастыра алмайтынын және сот үкімдеріне әсер ете алмайтынын атап өтті.