Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен және прокуратурамен бірлесіп, еліміздің 10 өңірінде ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушыларының, шекара маңындағы, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі қылмыстық схемалардың заңсыз әрекетінің жолын кесу бойынша бір мезгілде арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 29 адам ұсталған, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Операция барысында заңсыз айналымнан 25 қару, 2 граната және 236 оқ-дәрі тәркіленді. Бұл деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр", - деді ҰҚК баспасөз қызметі өкілі.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.