Түркістанда пара алды деп күдікке ілінген полицей жазадан сытылып кетті

Сағыныш Сардарова 17 нау. 2026 11:04

Түркістанда аңшы мылтығын заңсыз сақтаған тұрғыннан 200 мың теңге сұрады деген күдікпен ұсталған полиция қызметкеріне қатысты іс тосын шешіммен аяқталды, деп хабарлайды Dalanews.kz orda.kz-ке сілтеп.

Басылым мәліметінше, төрт ай бұрын ҰҚК қызметкерлері ұстаған тәртіп сақшысы сол сәтте қашып кетуге әрекеттенген. Алғашында іс жемқорлық дерегі бойынша қозғалғанымен, кейін алаяқтық бабына өзгертілген.

Прокурор оны 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда сот үкімі жеңілдеп, 1 930 000 теңге көлемінде айыппұл төлеу міндеттелді.

Осылайша 38 жастағы айыпталушы сот залынан бостандыққа шыққан. Бұған дейін ол қызметі мен барлық атағынан айырылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove