Орталық референдум комиссиясы референдум қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны - 12 482 613. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны - 9 127 192 немесе 73,12 пайызы.
Референдумға шығарылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны - 7 954 667 немесе дауыс беруге қатысқандардың 87,15 пайызы, референдумға шығарылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны - 898 099; жарамсыз деп танылған бюллетень саны - 146 558.
"Республикалық референдумға дауыс беру үшiн шығарылған жаңа Конституция қабылданды деп есептелсiн, өйткенi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кемінде үштен екiсiнде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы немесе 87,15 пайызы оң шешiм қабылдады", - деп жазылған хабарламада.

