Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында болған күдікті Ресейден экстрадицияланды

Сағыныш Сардарова 17 нау. 2026 10:04

Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында болған күдікті Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Күдікті мен оның сыбайластары Instagram желісін пайдаланып, азаматтардың сеніміне кіріп, салынған инвестиция сомасынан бірнеше есе көп табыс алуға уәде беріп, өз компаниялары арқылы ақша инвестициялауға үгіттеген.

Ақшаны алғаннан кейін оларды қылмыстық топ қатысушылары арасында бөліп, өз қажетіне жұмсаған.

Алаяқтардың қылмыстық әрекеті салдарынан Қазақстанның әртүрлі өңіріндегі 75 азаматқа жалпы сомасы шамамен 80 млн теңге көлемінде залал келген.

Қылмыс жасалғаннан кейін 4 адам әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған, соңғысы қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалап, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған.

2025 жылғы наурызда ол Ресей Федерациясы аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove