Алматы облысында бірнеше саяжай ауылға айналуда

Көркем Алдабергенова 17 нау. 2026 10:32

Алматы облысында саяжай алқаптарын елді мекендер құрамына қосу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, өңірде қазір 677 саяжай қауымдастығы бар.

Саяжайлардың ең көбі Қарасай ауданында орналасқан – 203. Одан кейін Талғар ауданында – 151, Еңбекшіқазақ ауданында – 135, Іле ауданында – 118, Жамбыл ауданында – 21 саяжай бар.

Сондай-ақ Қонаев қаласында 9, Алатау қаласында 40 саяжай алқабы орналасқан.

2023 жылдан бері бүгінге дейін 367 саяжай алқабы елді мекендердің құрамына қосылған.

2025 жылы төрт елді мекеннің құрамына енгізу үшін 23 саяжай қауымдастығына қатысты қала құрылысы құжаттары дайындалған. Қазір олардың шекарасын өзгерту рәсімі жүргізіліп жатыр.

Бұл процесс аяқталғаннан кейін жер телімдерінің иелері ресми түрде тиісті ауылдардың немесе қалалардың тұрғындары мәртебесін алады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove