"Қайрат" "Ақтөбені" жеңді, "Ордабасы" астаналық клубтан басым түсті

Сағыныш Сардарова 17 нау. 2026 09:17

Алматының "Қайрат" клубы Қазақстан премьер-лигасының 2026 жылғы екінші турында "Ақтөбені" 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кездесудің тағдырын алаңға 64-минутта шыққан Дастан Сәтпаев шешті. Ол қарсылас ойыншыдан допты тартып алып, 76-минутта дәл соққымен есеп ашты.

Бұл жеңістен кейін "Қайрат" 6 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Келесі турда алматылықтар 21 наурызда "Жетісуды" қабылдайды. Ал "Ақтөбе" өз алаңында "Елімаймен" кездеседі.

Сонымен қатар, Шымкенттің "Ордабасы" клубы Қазақстан премьер-лигасының екінші турында сырт алаңда "Жеңісті" 2:0 есебімен жеңді.

Астанадағы "Астана Аренада" өткен матчте алаң иелері қарсыласқа есе жіберді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove