Қазақстанда өндіріс қарқыны баяулады

Қаракөз Амантай 17 нау. 2026 09:31

2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанның қысқа мерзімді экономикалық индикаторы былтырғының сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,2%-ды құрады. Ал 2025 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 105,2% болған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Салалар бойынша қарастырғанда, ең төмен өсім өнеркәсіпте тіркелді. Нақты көлем индексі 96,9%-ды құрап, салада 3,1%-ға төмендеу байқалды.

Өнеркәсіп өндірісінің төмендеуі бірқатар өңірде анық көрінді. Атап айтқанда, Атырау облысында көрсеткіш 23,9%-ға, Батыс Қазақстан облысында 13,4%-ға, Шығыс Қазақстан облысында 12,6%-ға, Ақмола облысында 9,5%-ға және Қостанай облысында 2,1%-ға қысқарған.

Сонымен қатар кейбір салаларда оң өсім сақталған. Ең жоғары көрсеткіш құрылыс саласында тіркеліп, 114,5%-ды құрады. Бұдан кейін көлік және қоймалау саласы – 110,7%, ал байланыс саласы 103,8% өсім көрсеткен.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove