17 наурызға арналған ауа райы болжамы

17 наурызға арналған ауа райы болжамы
pixabay.com
Синоптиктер 17 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Синоптиктер 17 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Қазгидромет мәліметінше, ел аумағында ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, көктемгі жылымық сезіле бастайды. Алайда кей өңірлерде тұман, жел және жауын-шашын сақталады:
•Батыс және оңтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы +10+20°С-қа дейін көтеріледі.
•Солтүстік және шығыс аймақтарда күндіз +3+8°С шамасында болып, түнде әлсіз аяз сақталады.  
•Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.  
 
Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Кей өңірлерде шаңды дауыл мен көктайғақ күтіледі.  
 
Синоптиктер ауа райының құбылмалы болуына байланысты тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырады.