Freedom Inside '26

Қоғам белсендісі Оразалы Ержанов үйқамаққа шығарылды

Қоғам белсендісі Оразалы Ержанов үйқамаққа шығарылды
Әлеуметтік желі

Қоғам белсендісі Оразалы Ержанов қамаудан босатылып, үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Dala News.

Бұл туралы журналист Вадим Борейко әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Бүгін сот бұлтартпау шарасын өзгертіп, қамаудан үйқамаққа ауыстырды», – деп жазды ол.

Еске салайық, Оразалы Ержанов ақпан айының соңында ұсталған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Полиция бұған дейін белсендінің әлеуметтік желілердегі жарияланымдары тексеріліп жатқанын хабарлаған.