Павлодарда зейнеткерге шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Самал Асқар 16 нау. 2026 18:29

Павлодарда подъезде зейнеткер әйелге шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Dala News.

Оқиға 11 наурыз күні Камзин көшесіндегі көпқабатты үйдің кіреберісінде болған. Белгісіз ер адам зейнеткердің азық-түлік пен әмияны бар сөмкесін тартып алмақ болған.

Алдымен ол әйелге лифт ішінде шабуыл жасап, кейін оны дәліз бойымен сүйреп әкеткен. Алайда зейнеткер сөмкесін бермей, мықтап ұстап қалған. Соның салдарынан күдікті ештеңе ала алмай, оқиға орнынан қашып кеткен.

Полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын сотталған Екібастұз қаласының тұрғыны болып шыққан.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove