Түркістан облысы Корея компанияларымен бірлесіп, көлік-коммуникация және цифрландыру саласында жоғары білікті мамандарды даярлайды

Жарбол Кентұлы 02 жел. 2024 19:06 172

Түркістан облысының делегациясының Корея Республикасына ресми сапары аясында облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Корей теміржол корпорациясының (KORAIL) вице-президентімен кездесті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында тараптар көлік-коммуникация саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша ынтымақтастықтың келешегі мен мүмкіндіктерін талқылады. Негізгі мәселелердің бірі — Түркістан облысында теміржол және көлік саласы үшін кадрлар даярлауға бағытталған арнайы оқу орталығын ашу.

Нұралхан Көшеров мұндай орталықты ашудың көлік инфрақұрылымы мен технологиялары саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар жоғары білікті кадрларды даярлау аймақтың көлік-логистикалық инфрақұрылымын тиімді дамытуға, Түркістан облысының басқа өңірлермен және шет елдермен байланысынты нығайту үшін маңызды екеніне тоқталды.

«Korea Railroad Corporation» вице-президенті ынтымақтастыққа дайын екенін білдіріп, Түркістан облысында оқу және білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру үшін Қазақстанның «Қазақстан темір жолы» операторымен бірлескен жұмыстың мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі зерттеуді ұсынды. Ол Корей теміржол корпорациясының тәжірибесінің Қазақстанның теміржол және көлік саласын дамытуда құнды үлес қосуы мүмкін екендігін атап өтті.

Бұл жоба Түркістан облысында көлік саласы үшін білікті кадрлар даярлауда маңызды қадам болмақ. Сонымен қатар екі ел арасындағы жоғары технологиялар мен инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық нығая түспек.

Түркістан облыс мен Корея Республикасының арасындағы іскерлік және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту аясында бизнес-форум өтті. «Korea International Trade Association» қауымдастығының қатысуымен өткен шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров бастаған өңір делегациясы және кореялық 50-ден астам кәсіпкер мен іскерлік және дипломатиялық орта өкілдері, оның ішінде KITA басқарма төрағасы мырза Юн Джин Сик, Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Нұрғали Арыстанов және Қазақстан мен Кореяның түрлі экономика салаларының делегациялары қатысты.

Форумның мақсаты – екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы, энергетика, инновациялар мен технологиялар сияқты экономика салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылау және қазақстандық және корей компаниялары арасында жаңа іскерлік байланыстар орнату.

Кездесуде Нұралхан Көшеров екіжақты экономикалық байланыстарды нығайтудың маңыздылығына тоқталып, Түркістан облысының инвестициялар мен бизнестің негізгі аймағы ретінде зор әлеуетін ие екенін атап өтті. Өңірде  инвесторлар мен кәсіпкерлерге ұсынылатын қолайлы жағдайлар туралы мәлімет беріп, ауыл шаруашылығы, туризм және өнеркәсіп салаларындағы қолданыстағы жобалар туралы кеңінен баяндады.

– Біз ауыл шаруашылығы, цифрландыру, өңдеу өнеркәсібі және туризм сияқты салаларда Корея елімен ынтымақтастықты тереңдетуге үлкен мүмкіндіктер көріп отырмыз. Біз инвесторларға ашықпыз және өңір экономикасын дамытуға, екіжақты байланыстарды нығайтуға септігін тигізетін бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Форум аясында G2B және B2B кездесулері де өтіп, нақты жобалар мен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Шара Түркістан облысы мен Корея Республикасының экономикалық және сауда байланыстарын нығайтуда маңызды қадам болды. Өзара пайдалы ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар