Төлебилік кәсіпкер тоғандарда 80 тоннаға жуық балық шабақтарын өсіріп отыр

Ақтоты Жапатова 14 шіл. 2025 13:04

Балық шаруашылығын дамыту Мемлекет басшысының алға қойған маңызды міндеттерінің бірі. Осыған орай, Төлеби ауданының аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов Киелітас ауылдық округіндегі «Fish House» ЖШС-на арнайы барып, балық шаруашылығын қолға алған серіктестік жұмысымен танысты. Жеке кәсіпкер Нұртас Шағыров аудан әкіміне балық шабақтары жіберілген арнайы бассейндерді көрсетіп, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті,- деп хабарлайды Dalanews.kz



Кәсіпкер балықтың сазан және форель түрін уылдырық арқылы көбейтіп, арнайы жасалған тоғандарда бекіре балығын өсіруді қолға алған. Инвестиция құны – 400 млн теңге. Арнайы жасалған бассейндерге 15 тонна сазан шабағы, 60 тонна форель, 3 тонна бекіре тұқымдас балығын жіберген. Кәсіпкер бүгінгі таңда 50 ауыл тұрғынын уақытша жұмыс орнымен қамтып отыр. Алдағы уақытта 30 адамды тұрақты жұмысқа тарту көзделген. Сонымен қатар, қожалық иесі өз қаржысы есебінен жол бойына замануи балалар ойын алаңшасын салып, халыққа пайдалануға беруді жоспарлауда.

Кәсіпкер форель балығын салқын кезде арнайы орында өсіріп, күз мезгілінде ашық бассейнге жіберетінін айтты. Бұған қоса, ауданға келуші туристерге балықтың бірнеше түрін ұсынып, этно стильде дәмхана ғимаратының құрылысын жүргізетінін жеткізді. Тоған айналасына ерекше жеміс ағаштарын егіп, абаттандыруды қолға алған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар