Тоқаев халықаралық экологиялық ұйымдар жетекшілерімен кездесті

Самал Асқар 23 сәу. 2026 15:19

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар халықаралық ұйым басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Dala News.

Кездесу барысында Орталық Азиядағы экологиялық бастамаларды іске асыру жолдары талқыланды. Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммитке қатысып, қолдау білдіргені үшін делегация өкілдеріне алғыс айтты.

Президенттің айтуынша, халықаралық сарапшылардың тәжірибесі ортақ экологиялық мәселелерді шешуде тиімді тәсілдерді ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Тоқаев Қазақстанның орнықты даму мен биоалуантүрлілікті қорғау бағытындағы халықаралық ынтымақтастыққа басымдық беретінін атап өтті. Сондай-ақ елімізде экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыру маңызды екеніне тоқталды.

Кездесуде халықаралық ұйым өкілдері саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, Мемлекет басшысына ризашылықтарын білдірді. Олар «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдайтынын және экологиялық сананы арттыру бастамаларын құптайтынын жеткізді.

Сонымен қатар қонақтар Қазақстанның климат өзгерісі мен су қауіпсіздігіне қатысты жаһандық бастамаларын қолдады.

Жиынға Ингер Андерсен, Ивонн Игеро, Астрид Шомакер және Рольф Пайе қатысты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove